Қарағанды облысына қарасты Саран қаласының «Ақтас» кенті мәдениет үйінде «18-қазан Рухани келісім күніне» арналған кездесу ұйымдастырылды. Рухани шарада Саран қаласының имамы Саликов Мұқаметқали қажы дінаралық, ұлтаралық татулық жөнінде тартымды уағыз айтып, аймақ жұртшылығын мерекемен құттықтады. Кездесуде Саран қаласы ішкі саясат бөлім жетекшісі Ғалия Ануарбекқызы кіріспе сөзімен бастап, Ақтас әкімі Аханов Бауыржан Өзінің өзек жарды құттықтау лебізін білдірді. Мерекелік шараға Саран қаласына қарасты басқа да дін өкілдері қатысып, мәдени орталық жетекшілерінің ұйымдастыруымен өнерпаздар өнерлерін тамашалатты.
ihsan.kz
Пікірлер