Мүбәрак Мәуліт айы басталғалы бері елімізде, жалпы мұсылман жұртшылығында Алланың сүйікті құлы, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға арнап Мәуліт дұғасы оқылып, түрлі игі іс шаралар атқарылып жатыр. Сондай бір маңызды шара Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кеші болып өтті . Аталмыш іс — шараға қаламыздың имамдары, ұстаздары мен дін қызметкерлері, жамағаты, кештің құрметті қонақтары қатысты. Алдымен мешіт имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы аймақ тұрғындарын Мәуліт мерекесімен құттықтады. Бұдан кейін «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Кәрсембай Дархан Асылтайұлы Бәрзәнжи мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолдады.
Мәуліт мерекесінде «Төлеутай ата» мешітінің имамы Мусин Сайлау Жұмағұлұлы Пайғамбарға ( с.а.у ) деген сүйіспеншілік жайлы уағыз айтып, екі дүние сардарының әрбір әрекеті мен сөзінен рухани нәр алып, пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шынайы жақсы көрудің қаншалықты маңызды екендігі де көркем түрде жеткізді. Мәуліт кешіне қатысушы жамағатқа Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өміріне қатысты сұрақтар қойылды. Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында Құран оқылып еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.
ihsan.kz
Пікірлер