Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қалалық «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде «Әйел-кыздар» секторының ұйымдастыруымен, оның ішінде мешіт ұстаздары Оразбекова Жанара және Оспанова Арайлым ұстаздардың бастамасымен Құран жарысы болып өтті. Берекелі сайыс барысында әйелдер жамағаты қасиетті Құран Кәрімнің Духа және Нас сүрелері бойынша бақ сынасты. Жарысқа мешіт шәкірттері қатысып, ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хатқа ие болды. Ал, жүлделі 1-2 орындарды Қарағандыдан келген шәкірттер қанжығасына байлап қайтты. Сауапты шара барысында ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Гүлжазира Ақназарова уағы-насихат айтты. Әйелдер жамағаты тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, ұтымды жауап берілді. Құран оқылып, бата берілді.
ihsan.kz
Пікірлер