«QAMQOR-SHARAPAT» – көпшіліктің сұранысымен жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба. Аталмыш орталық бүгінде Қарағанды облысынан да ашылып, қызметі қарқынды жүргізіліп келеді. Салттық маңызы бар жобаны одан әрі дамытып жандандыру мақсатында Қарағанды облысына қарасты Саран қаласында облыс дін қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг болып өтті. Іс-шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Құмар Қоныскерей, «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының жауапты өкілі Бақдаулет Қыдырбайұлы, «Әнет баба» мешітінің молдасы Касимов Мирас Ерболұлы қатысып, арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру жөнінде бастама көтерген болатын. Бүгінгі шараның да басты мақсаты жерлеу рәсімдерін шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуын қадағалап, өркениет көшінен де артта қалырмау. Алдағы уақытта Қарағанды облысындағы салттық қызмет көрсететін орталық ҚМДБ ұсынған үлгіге сай жұмыс жүргізіп, қабір басындағы келеңсіздіктерді бірізділікке келтіру үшін біршама жобалар жүзеге аспақшы.
ihsan.kz
Пікірлер