Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Адамзаттың абзалы» атты рухани Мәуліт кеші өтті.
Екі дүние мырзасы, пайғамбарлардың мөрі Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айына орай ұйымдастырылған рухани іс-шараға ақжаулықты аналар мен қыз-келіншектер қатысты.
Фарида және Ақниет ұстаздар Алла елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өміріне, қасиетті Мәуліт мерекесінің мән-маңызына қатысты уағыз-насихат айтып, жиналған жамағатты құттықтады.
Іс-шара аясында ардақты пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылып, сәлемдер жолданды. Теміртау мешіттерінің шәкірттерінің көмегімен тәлімі мол көріністер қойылды. Жиналған қауымға викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестірілді.
Сондай-ақ, хақ дінді қабылдаған 4 орыс қызына арнайы сыйлықтар берілгенін атап кеткен жөн.
Тағылымды шара ақ дастарқан басында жалғасын тапты. Шарапатты Мәуліт мерекесіне келген әйел жамағаты «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіттің басшылығына, жергілікті әйел-қыздар секторына алғыстарын білдірді.
Пікірлер