Теміртауда ерекше жәрмеңке ұйымдастырылды
Теміртау қаласының «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Қасиетті жұма күні жүзеге асқан іс-шара барысында әйел жамағаты мен қайырымды жандардың өз қолдарымен пісірілген түрлі тағам түрлері, тәттілер, сондай-ақ түрлі қолөнер бұйымдары сатылды.
Жұма намазына келген жамағат игі шараға белсенді түрде атсалысып, садақаларын беріп, ұйымдастырушыларға қолдау білдірді.
Айта кетейік, аталмыш жәрмеңкеден түскен 200 000 (екі жүз мың теңге) толығымен Асқар Али Ерболұлының ата-анасына аударылып, кішкентай бауырымыздың еміне жұмсалатын болады.
«Сіздердің көмектеріңіздің арқасында бір адамның мұқтаждығының өтелуі – сауапты әрі хайырлы іс. Осындай ізгі шаралар арқылы адамдар арасында мейірімділік артады. Алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шаралары жүйелі түрде өткізіліп тұратын болады», деді Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы.
Пікірлер