Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ӘЛ МАШАНИ» МЕШІТІ ҰСТАЗДАРЫ МӘУЛІТ КЕШІН ӨТКІЗДІ
01 қараша, 2021 жыл 281 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Әл-Машани»  мешіті  ұстаздарының ұйымдастыруыменен   мәуліт мерекесі өткізілді. Аталмыш игі шара шаһардағы «Күнгей» мейрамханасында жоғары деңгейде атап өтілді. Рухани кеш барысында «Әл Машани» мешітінің ұстазы Жикенова Бақытгүл Айтқалиқызы кешке келген қонақтарды берекелі мейраммен құттықтап, әйелдер жамағатына уағыз-насихат айтты. Сондай – ақ, «Әл Машани»  мешітінің ұстазы Гулжазира Ақназарова ардақты пайғамбарымыздың Мухаммад (с.а.с) өнегелі өмірінен уағыз айтып, мәулет мерекесін атап-өтудің маңыздылығы айтылды.  Рухани кештің құрметті қонағы болған ақ жаулықты әжелер қауымы бата беріп, дұға жасады. Кезекті құттықтау сөз Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызына берілді "Қазыбек би" мешітінің ұстазы Тапина Карина уағыз - насихат айтты. . 
Содан кейін, Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Жадыра Асылтайқызы Бәрзәнжи мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды. 
Жүзге жуық жиналған әйел-қыздарға, апаларға дайындалған көріністер қойылып, күй шертіліп, терме айтылды. Атап айтқанда, "Сәкен Сейфуллин" атындағы драма театрының әртістері әсерлі қойылып орындап, әйелдер жамағатына ерекше көңіл күй тарту етті. Рухани шара жақсылықпен жалғасып, көп балалы, жалғыз басты аналарға қаржылай қайырымдылық жасалды. 
Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары