Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«КҮМІСБЕК МОЛЛА» МЕШІТІНДЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ
02 қараша, 2021 жыл 115 Басып шығару нұсқасы

Шет ауданы, С.Сейфуллин кенті «Күмісбек молла»  атындағы мешітінде “Адамзаттың асылы Мұхаммед” тақырыбында рухани кеш болып өтті.

Жылдағы үрдістен жаңылмай осы жылы да «Күмісбек молла» атындағы мешіттің жамағаттары Пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айтып, рухани кешті атап өтті. Аталмыш шарада аудандық «Жанқұтты би» мешітінің ұстазы Маханбетчин Қарубай Берікұлы арнайы барып, жамағатқа “Үмметтің Пайғамбарға (с.ғ.с) деген махаббаты, сахабалардың сағынышы” тақырыптарында жиылған жамағатқа уағыз-насихат айтып, мінезі Құран болған Пайғамбардан (с.ғ.с.) үлгі алуға шақырды.

Игі шарада «Күмісбек молла» атындағы мешіттің жас буынды жамағаттары Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, имани әндерді нақышына келтіре орындап қалың көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Мерекелік кешке С.Сейфуллин кентіне іргелес жатқан көрші ауыл имамдарымен мешіт жамағаттары да рухани іс-шараның куәсі болды.

Кеш соңында Қасиетті ай құрметіне мәуліт оқылып, мешіт асханасында арнайы меркелік дастархан жайылып, Ауыл ақсақалдарының батасын алып, Құран бағышталды.

Мәуліт меркесін тамашалаған көрермен қауым рухани азық алып, ой түйіп қайтты. Көп қуанышты бір арнаға тоғыстырған Мәуліт мерекесі осы жылы ел есінде қалатындай аталып өтті.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары