Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫ: МЕШІТТЕ МӘУЛІТ ОҚЫЛДЫ
08 қараша, 2021 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

Мүбәрак Мәуліт айы басталғалы бері елімізде, жалпы мұсылман жұртшылығында Алланың сүйікті құлы, Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымызға арнап Мәуліт дұғасы оқылып, түрлі игі іс шаралар атқарылып жатыр. Сондай бір маңызды шара Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде жалғасты.

Берекелі жиында адамзаттың  асыл тәжі, ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрметіне, қасиетті Мәуліт мерекесіне арнап, аудан имамы Митератбек Құбылайханов уағыз-насихат айтты. Ол ақыретте мұсылмандардың шапағатшысы болатын Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбардың өнегелі өмір жолы, Алланың дінін адамзатқа таратудағы тағылымға толы істері, оның мүбәрак өмірі жайлы тілге тиек етті.

Жамағатқа есігін айқара ашқан құлшылық ордасын Пайғамбарымызға деген сағыныштан туындаған салауат кернеп, Мәуліт мерекесінің мәртебесі асқақтай түсті.

Сондай-ақ имамдар мен жұма намазына жиналған мешіт жамағаты бірігіп әлемге рақым етіп жіберілген нұрлы Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтты.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары