Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЖӘЙРЕМ: ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА МӘУЛІТ КЕШІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
15 қараша, 2021 жыл 62 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты  Жәйрем мешітінің ұстазы Мадина Әбдібекқызының ұйымдастыруыменен   мәуліт мерекесі өткізілді. Рухани кеш барысында мешіт ұстазы кешке келген қонақтарды берекелі мейраммен құттықтап, әйелдер жамағатына уағыз-насихат айтты. Содан кейін, Бәрзәнжи мәулітін оқып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем-салауаттар жолданды.  Рухани шарада аталмыш мешіт имамы  Мурсали Қаленұлы және Балғабек Әбдіқайымұлы жиналған жамағатты мәуліт мерекесімен  құттықтап, «Ислам тәрбиесі» тақырыбында уағыз- насихат жүргізді.
Кеш соңында арнайы Мәуліт кешінің құрметіне жайылған дастархан басында  Құран оқылып еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары