Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Діни сауат ашу дәрістері жалғасуда
16 қараша, 2021 жыл 135 Басып шығару нұсқасы

Теміртау қаласының мешіттерінде діни сауат ашу курстары үздіксіз жұмыс істеп келеді.
 
Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлының бастамасымен «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешітте, «Жақып Ақбай» атындағы қалалық мешітте дүйсенбі - жұма аралығында құптан намазынан кейін Құран әліппесі, тәжуид, құлшылық дәрістері (ақида, фиқһ), сира сынды пәндерден дәрістер өтуде. Сабақтарды жергілікті имамдар мен ұстаздар жүргізіп келеді.
 
Құрметті жамағат!
 
Білім нәрінен сусындап, өз діни сауатыңызды ашқыңыз келсе құлшылық үйлеріндегі шәкірттердің қатарына қосылуға шақырамыз.
 
Сондай-ақ, әрбір дәрісті «Әлихан Бөкейхан» атындағы орталық мешіттің және «Naqyl Media» медиа орталығының Instagram парақшаларында онлайн форматта көре алатындықтарыңызды да естеріңізге саламыз.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары