Ел игілігі үшын қызмет етіп жатқан мешіттердің тыныс-тіршілігіне бақылау жұмыстарын жүргізу мақсатында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Хумар Қоныскерей арнайы бақылау-басқару жұмысы бойынша Қарағанды облысына қарасты Саран қаласына қарасты "Ақтас" кентіне ат басын бұрып, салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты. Абдулла ибн Масғұдтан(Оған Алла разы болсын) жеткен риуаятта Алланың Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Адал жолмен кәсіп іздену парыздан кейінгі парыз», – деген. Асыл дініміз үшін қажырлы еңбек етіп, аттан түспей, облысымыздағы ұтымды істердің ұйытқысына айналып жүрген дін қызметкерлерінің қарқынды жұмысына арнайы іс сапармен келіп, бағасын берген облыс бас имамы алдағы уақытта да адал істі абыроймен атқаруға сəттілік тілеп қайтты.
ihsan.kz
Пікірлер