Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы Южный кентінде "Адамзаттың асылы" атты рухани мәуліт кеші өтті. Аталған шараға аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы қатысып мұсылман жамағатын Мәуліт мерекесімен құттықтады. Ардақты Пайғамбарымызға (с.а.с) мәуліт оқылды. Мәуліт Барзанжи жырын нақышына келтіріп Абай қаласы мешітінің найб имамы Шарифулла Шадиев орындады. Өз кезегінде Южный кенті әкімі Жумалдинов Исламбек Сайлаубекұлы жергілікті жамағатты мерекемен құттықтады. Мәуліт кешіне дастархан жайып ас беріп әсерлі уағыздар айтылды. Жиналған жамағатқа зам-зам суымен сыйлықтар таратылды.
ihsan.kz
Пікірлер