Қарағанды облысына қарасты Жезқазған қалалық «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешіті «jyly_jurek__group» және « Birlik» қайырымдылық қорларымен бірлесе отырып, «oina_land» отбасылық кешенінде жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларына арнап қайырымдылық іс - шара ұйымдастырды. Бұл күні балалардың көңілін барынша көтеріп, тәтті тағамдар ұсынылып, аниматорлар шақырылып, түрлі ойындар жүргізілді. Ихсан ілімінде: «қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің»,- дейді. Талай жанның көңіліне медеу, жүрегіне қуаныш сыйлаған осынау сауапты іске үлес қосқан барша азаматқа Алланың амандығы мен берекетін тілейміз.
ihsan.kz
Пікірлер