ҚМДБ Қарағанды облысына қарасты «Зекет және қайырымдылық қорының» «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Қарағанды облысына қарасты Қаражал қаласында көмекке мұқтаж отбасыға 434-баспананың кілті табысталды.
Шараға Қаражал қаласының имамы Талғат Дүйсенбайұлы арнайы қатысып, әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыға пәтер кілтін арнайы табыстады.
Сонымен қатар аталған пәтер ауыл имамы және жамағаттың қолдауымен табысталып отырғанын хабарлап, қайырымды істі қолдаған азаматтарға алғысын жеткізді.
ihsan.kz
Пікірлер