Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Таңғы намаздар
08 желтоқсан, 2021 жыл 597 Басып шығару нұсқасы

Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әрбір таң арайлап атып, Алланың құлдары ұйқыларынан оянып жатқанда, көктен екі періште түседі. Бірі: Уа, Алла Тағалам! Дүние-мүлкін игі жолға жұмсағанның дүниесінің орнын толтыра гөр – десе, екіншісі: Уа, Алла Тағалам! Жиған-тергенін жұмсамай, тығып отырған сараңды шығынға ұшырат – деп дұға жасайды», деген хадисін жеткізген. (Бұхари, зекет 27; Мүсілім, зекет 57). Иә, Таңғы уақыттың әрбір мұсылман үшін маңызы үлкен. Пайғамбарымыз Мұхаммед те (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алла, таңғы уақытта менің үмбетіме береке бер», деп бекер дұға етпесе керек?! Осы бір берекелі уақыттың берекесін арттырып, мұсылманның мерейін үстем етер Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кейбір сүннет намазды ұсынамыз.

Көпшілік қателесетін нәпіл намаз бар. Ол ишрақ және духа намазы. Ишрақ намазы өте қысқа мерзімді қамтитын уақытта оралады. Оның уақытын мына хадиспен түсіндіруге болады. Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Кімде-кім таң намазын жамағатпен бірге оқып, сол орнынан қозғалмастан күн шыққанға дейін зікір айтса, содан соң екі рәкағат ишрақ намазын оқыса, Қажылық пен Умра жасағандай сауапқа ие болады» (Тирмизи). Түсініктеме: Кем дегенде оқылуы керек болған рәкағат саны ─ екеу, кеңес етілетіні ─ төртеу (Бахисти Зевар, 30-бет). Егерде таң намазын жамағатпен бірге оқуға мүмкіндігіңіз болмаған болса, жалғыз оқысаңыз болады. Мұндай жағдайда да дәл сондай сауапқа кенелесіз.

Таңда орындалатын келесі намаз дұха намазы. Ол – ерікті түрде оқылатын нәпіл намаз, оны күн шыққаннан кейін шамамен 20 минуттан соң әрі бесін намазына 45 минут қалғанға дейін оқуға болады.  Дұха намазын оқу – күннің сәтті өтуінің кепілі. Бұл намаздың уақыты күн шыққаннан кейін, намаз оқу үшін мәкрүх болып саналатын уақыт аяқталған соң кіреді де, күн тас төбеге жақындағанда шығады (Бесін намазының уақытынан жиырма-қырық минут бұрын). Оны Зәуәл уақытында, яғни, Бесін намазынан бес-он минут бұрын оқып қоймаңыз.

Хадисте: «2 ракағат дұха намазын оқуда табандылық танытқан адамның күнәлары (кіші) теңіздің көбігіндей көп болса да, кешіріледі», (Тирмизи) делінген.

Ал, басқа хадисте: «Жұмақта «Дұха» қақпасы бар. Қиямет күні хабаршы былай дейді: «Дұха намазын оқығандар қайда? Мынау сендер кіретін қақпа, Алланың мейірімімен осында кіріңдер», (Табарани) деп айтылған.

Бұл сауапты амалдарды орындау арқылы адамзат Аллаға жақындай түседі, жүрегіне иман нұры құйылып, руһы шаттанады, күніне береке кіреді.

 

Нуров Махмуд қажы Нурұлы

«Бала қажы» мешітінің бас имамы

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары