Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Тәуелсіздік – төл құндылығымыз.
20 желтоқсан, 2021 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

Еліміздің тәуелсіздігі – біртұтас халқымыздың өз алдына мемлекет болып ұйысып, ата-бабамыздың асқақ арманының орындалуы, қарияларымыздың қамсыз көңілі, тұтас елдің береке-бірлігі мен тыныштығы. Бүгінгі күн өткенімізге тарихи тұрғыдан баға берудің, қол жеткізген табыстарды тарихи тұрғыдан ұғынудың, алда тұрған міндеттерді айқындаудың  мүмкіндігі. Осы орайда, облыстық «Әнет баба» мешітінде «Тәуелсіздік тұғырым» аты рухани кеш өткізілді. Кеш барысында тәуелсіздік тағылымдары сөз етіліп, дін мен дәстүр сабақтастығы дәріптелді. Мешіт ақсақалдары мен шәкірттері аға буын өкілдері мен желтоқсан ардагері өзара сұхбаттасып, еліміздің өркендеуі мен жеріміздің көркеюі жолында өнегелі әңгімелер өрбітті. Облыстың бас имамы Өмірзақ қажы қажы Қазкенұлы ауызбіршілік пен тәуелсіздік жолында табандылық таныту жайында насихат айтты. «Желтоқсан Республикалық, халықтық, Отаншылдық қозғалысының» Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Абай Жұмабайұлы жастарға Отансүйгіштік пен білімді болудың артықшылықтары тұрғысында тәлімді сөз арнады. Кеш соңында дұға бағышталып, ақсақалдар тәуелсіздігіміздің тұғырлы, елдігіміздің ғұмырлы болуына бата жасады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары