Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінің ер және әйел жамағаттары арасында «Алланың көркем есімдері» атты білім сайысы өтті.
Аталмыш сайыстың кіріспесі Қасиетті Құран аяттарын оқып Пайғамбарымызға (с.ғ.с) бағыштап, дұға тілеумен басталды.
Алла Елшісінің (с.ғ.с.) тәлімін өнеге тұтқан шәкірттер бір кісідей сайысқа қатысты. Сайысқа қатысушылар Алланың 99 көркем есімдерін жеке-жеке жатқа айтудан және қазақша мағыналарын тест түрінде белгілеу арқылы сыннан өтті.
Скйысқа әділідікті төрелік еткен төрешілердің шешімі бойынша жүлделі орындар тағайындалып маратпаттау қағаздарымен ақшалай сыйлықтар, сертификаттар табысталды. Ашып айтқанда I орынға - 60,000 тг (2 адамға), II орынға 50.000 тг (2 адамға), ІІІ орынға - 40,000 тг (6 адамға) және сайысқа белсене қатысқан 4 адамға ынталандыру ретінде әрқайсына 20,000 тг және алғыс хаттармен Сертфикаттар табысталды.
Ер және әйел жамағаттары арасындағы сайыс екі бөлек жүргізілді. Яғни әйел жамағаттарының сайысы сағат 16:00-де өтсе, ер жамағаттарына 19:00-де жүргізілді.
«Жанқұтты би» мешітінің бас имамы Б.Маханбетчин жиналған жамағатқа бұл сайыстың артықшылық тұстарын былайша жеткізді:
«Қасиетті Құранның Ағраф сүресінің 180-аятында «Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар», ал Пайғамбарымыз Мұхаммедтің «Алланың тоқсан тоғыз есімі бар. Кім оларды жаттап алса жәннатқа кіреді» дегеніндей, бұлай дұға ету – үлкен сауапты істерден болып табылады. Олай болса, ұлы құдіретті Алланың ұлық есімін жадымызда ұстап, мағынасын түсініп, үнемі айтып жүрейік. Өйткені, барлық мақтау жалғыз Аллаға ғана тән»
Пікірлер