Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Қарағанды облысының жамағат командалары арасында «Birlik-2021» атты шағын футбол чемпионаты болып өтті.
Жамағат арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған жарыс жоғары деңгейде өтті. Шағын аяқ доп сайысында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті командасы ІІІ орынға ие болды.
Жеңімпаздар кубоктармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Жарыс тартысты және қызықты өтті.
ihsan.kz
Пікірлер