Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Осы орайда «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Қарағанды облысына қарасты Жанаарка ауданында қазақтың ұлттық ойындары насихатталды. Мектеп оқушыларының арасында өткен шараға «Гайнуддин Тлеухан» атындағы мешіт имамы Искаков Айтболат арнайы қатысып, шәкірттерге адам өміріндегі денсаулық пен спорттың маңыздылығы жайлы уағыз-насихат айтты.
ihsan.kz
Пікірлер