Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ҚҰРАН ХАТЫМ ОҚЫЛДЫ
10 қаңтар, 2022 жыл 95 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти  Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде  Құран хатым етіліп, халқымыздың амандығы мен елдің тыныштығы үшін дұға  жасалды.

Қазақ елі  – тарихының сан қилы сындарлы сәттерінде үмітсіздікке берілмей, бір Алладан медет тілеген халық. Осы ретте мұсылман қауымын еліміз бен жеріміздің, күллі адамзаттың амандығы үшін дұға жасап, Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат айтуы абзал амал. Қазіргі таңда елімізде орын алған  төтенше жағдайға байланысты және  бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты арнайы Құран Кәрім хатым етілді. Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы бастаған «Әнет баба» мешітінің имамдары тәуелсіздігіміздің тұрақтылығын тілеп, дұға жасады. Құран хатымы Қарағанды облысына қарасты барлық мешіттерде жалғасты.

Алла Тағала еліміздегі барлық жасалып жатқан Құран хатым дұғаларын және елдің тілегін қабыл еткей!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары