ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің ұйымдастыруымен жеті отбасына ет үлестіріліп, тұрмысқа қажетті заттар үлестірілді. Сондай-ақ, бір отбасыға кілем берілді.
Хадисте: «Әр күні таңертең екі періште түседі. Бірі: «Ей, Раббым! Садақа бергенге садақасына қайтарым ретінде жаңасын нәсіп ет», - десе, екіншісі: «Ей, Раббым! Сараңдық еткенге мал-дүниесін опат ет», - деп дұға етеді», - дейді. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,- демекші Саран қалалық мешіті ұжымы осындай берекелі істі жүзеге асыруға ат салысқан мешіт жамағатына алғыстарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
ihsan.kz
Пікірлер