Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ЖҰМАБЕК ТӘШЕН» МЕШІТІНДЕ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
21 қаңтар, 2022 жыл 75 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Нұрбол Әділмұрат Абай қаласына барған қызметтік сапары барысында «Жұмабек Ташен» мешітіне ат басын бұрып, жергілікті жамағатпен келелі кездесу өткізді.

Шара барысында Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы  аймақтың діни ахуалынан хабар беріп, мешіттің тыныс- тіршілігімен таныстырды.

Облыстан келген жетекші маманға жергілікті жамағат дастархан жайып, қонақ жайлық танытты. Келелі кездесу барысында облыстық «Әнет баба» мешітінің  ұстазы Нұрбол Әділмұрат  уағыз-насихат айтып, Өзінің ыстық лебізі мен алғысын білдірді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары