2021-жылы Қарағанды облысы бойынша «Рухани тәрбие-Ихсан ілімі» бағыты бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде 383 іс-шара ұйымдастырылып, екі кітап жарық көрді.
Жергілікті БАҚ-тарда ихсан іліміне қатысты 92 мақала, сайттарда 1 жыл ішінде 484 мақала жарық көрді.
Сондай-ақ, жарыққа шыққан кітапшалар «Рухани кемелдік және ораза құндылықтары1000 (мың дана) және «Ихсан ілімі-рухани кемелдену жолы» 1500 (мың дана) жарық көрді.
Әлеуметтік желілерде 1270 жарияланымдар (жазба-инфографикалар ) жасалып, таратылды. 870 бейне уағыздар мен бейне дәрістер түсіріліп, халыққа ұсынылды. Ихсан іліміне қатысты жалпы 383 іс-шара ұйымдастырылды. Зиялы қауым өкілдерімен 59 мәрте, жастармен және жамағаттар арасында 85 кездесулер мен дөңгелек үстелдер,154 онлайн және 85 офлайн іс-шаралар ұйымдастырылды.
ihsan.kz
Пікірлер