ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша "Зекет және қайырымдылық қорының" жауапты өкілі Мұхит Джаримбетовтың ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шарасы жүзеге асты. Сауапты һәм берекелі шара барысында Мейрамқызы Светлана марқұмның рухына арналып, көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға азық-түлік үлестірілді. Жалпы айтқанда отыз отбасы қамтылды. Игі іс-шара марқұмның қызы Талшын Берикбаевнаның мұрындық болуымен өтті.
ihsan.kz
Пікірлер