Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ЖӘЙРЕМ КЕНТІ МЕШІТІНЕ ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18 ақпан, 2022 жыл 551 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды облысына қарасты Жәйрем кенті мешітіне Абилов Марғұлан Балтабайұл имам болып тағайындалды. Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы аймақ мешітіне жиналған жамағат алдында жаңа имамды қызметке қабылдап, халыққа таныстырды. Сонымен қатар, жиырма жыл имамдық қызметін атқарып келе жатқан Мурсали Қаленұлына атқарған қызметі үшін алғыс хат табыстап, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жапты. Қарағанды облысының бас имамы дін қызметкерлеріне алдағы дін үшін атқарар игі істеріне береке тілеп, ыстық лебінін білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары