Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әл Машани» мешітінде шеберлік сыныбы өтті
23 ақпан, 2022 жыл 166 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен қыздар арасында тігін тігуден шеберлік сыныбы болып өтті.

Шара барысында қыз-келіншектер киім пішуді үйреніп, тігін машинасын дұрыс қолдану жолдарынан сабақ алды. Сондай-ақ, шара барысында қатысушыларға тәрибе-танымдық насихат пен әйел адамның исламдағы орны жайлы уағыз  айтылды.

Іс-шараның басты мақсаты қыз-келіншектер мен әйелдер жамағатын еңбекқорлыққа баулу. Себебі, қолына ие ұстап, тігін тігумен айналысқан әрбір нәзік жанды бұл кәсібін әрмен қарай жандандыра алмақ. Сондықтан, ұйымдастырылған шараның қыздарға пайдасы орасан.  

Берекелі шараны ұйымдастыруға мұрындық болған мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызына әйел-қыздар жамағаты алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

 

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары