Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАУЫРМАЛДЫҚ
23 ақпан, 2022 жыл 169 Басып шығару нұсқасы

Алла Тағаланың біздерге берген нығметтері өте көп. Соның бірі –

бір-біріне бауырмалдық тану. Бұл жайында Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде бұл баян етеді:

والف بين قلوبهم لو انفقت ما فى الارض جميعا ما الفت بين قلوبهم ولكن الله الف بينهم انه عزيز حكيم

«Алла мүміндердің жүректерін жарастырады. Егер сен жер бетіндегі байлықтың барлығын  осы жолда жұмсасан да, олардың жүректерін дәл бұлай жарастыра алмас едің.  Алайда Алла оларды жарастырды. Шүбәсіз ол бәрінен Үстем әрі Ұлық және әр іс пен әр үкімінде талай хикмет болған асқан Даналық иесі». [1]

Нұғман ибн Башир риуаятында Пайғамбарымыз:

مثل المؤمنون في توادهم وتراحمهم وتعا طفهم مثل الجسد اا اشتكى منه عضو تدا عى له سا ىر الجسد بالسهر والحمى

«Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады» – деген.

         Осы хадистен бауырмалдықтын шарттары шығады.

  1. Шынайы Алла разылығы үшін болу.
  2. Бауырмашылдық имани жолда, тақуалықта байланысу.
  3. Өзара кешірімділікте болу.
  4. Қиыншылық пен кеңшілікте ортақтасу. 

Егер адам осы шарттарды ұстанып, қолданса бауырмалдықтың мына жемістерін көреді:

Біріншісі, Алла Тағаланың махаббаты нәсіп болады.

Құдси хадисте: «Кімде-кім менің разылығым үшін бір-бірін жақсы көрсе, мәжілістес (бір отырыста болу) болса, бір-біріне  зиярат жасаса, бір-біріне жәрдем дессе менің махаббатым оған нәсіп болады» делінген.[2]

Екіншісі, Алланың құрметіне ие болады.

Пайғамбарымыздың хадисінде: «Кімде –кім біреуді Алланың разылығы үшін жақсы көрсе, дәрежесін көтереді» -деген. [3]

Үшіншісі, Алланың аршысының көлеңкесінде болады.

Әбу һурайрадан жеткен хадис бойынша Пайғамбарымыз айтты: «Алла Тағала қияметкүні айтады: «Менің разылығым үшін бір-бірін жақсы көргендерге бүгін ешкімге көлеңке нәсіп етпеген күні оларға көлеңке нәсіп болады» -деген.[4]

Төртіншісі, Иман ләззатын сезінеді.

Әбу һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз айтты: « Кім егер иманның ләззатын сезінуді қаласа, Алла  разылығы үшін бір адамды жақсы көрсін» -деген. [5]

Бесіншісі, Иман кемелдігіне жетеді.

Әбу Умамадан жеткен хадис бойынша Пайғамбарымыз айтты: «Кімде –кім Алла разылығы жақсы көрсе, садақа берсе, жамандықтан бас тартса, иманының кәмілдігін белгісі» -деген.[6]

Алтыншысы, Жәннатқа кіреді.

Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз айтты: «Иман келтірмейінше жәннатқа кірмейсіңдер және бір-бірлерінді жақсы көрмейінше толық иман келтірмейсіңдер, бір-бірлерінді жақсы көруге апарар жолды көрсетейінбе?, Араларында сәлем жайыңдар» -деген.[8]

(Муслим хадистер жинағында келген.)

Біріңді қазақ, бірің дос.

Көрмесен істің бәрі бос.

Малыңды жауға,

Басыңды дауға,

Қор қылма, қорға, татулас

деп Абай атамыз айтқандай мұсылман арасындағы алауыздық ислам үмметін жегідей жеп, іштей құлдыратуда. Мұсылман үмметінің осындай кедергілерді асырып, нәпсінің айдағанына ермей, таза ақыл, ойға жүгініп, пікір қылатын кез келді.

Алла еліміздің ішін жаудан, сыртын даудан сақтасың!

Еліміздегі мұсылмандардың ауызбіршілігін нығайтып, бауырмашылдығын арттырсын!

 

«Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы

Әлімжан Ақниет

 

 

 

 

Пайдаданылған әдебиеттер:

  1. Әнфәл сүресінің 63 – аяты.
  2. әз-Зарқанидің әлә Муата ибн Мәликке жасаған шархы.
  3. Ахмад хадистер жинағы.
  4. Муслим хадистер жинағы.
  5. Ахмад хадистер жинағы.
  6. Әбу Дауд хадистер жинағы.
ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары