Ислам діні жақсылық жасауды, өзара жәрдемдесуді әрі рухани әрі материалдық қырынан жан-жақты қолға алып, оны діни-моральдық жауапкершілік ретінде бекіткен. Қоғамның, адамдардың пайдасы үшін жасалған кез келген жақсылық – садақа.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты «Зекет және қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен ақпан айы бойынша өткен шарасы барысында 620 адам қамтылған қайырымдылық шара жүзеге асты.
Құран Кәрімнің көптеген аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде бұл анық көрініс тапқан.
Алла Тағала:«Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған.
Қарағанды облысы бойынша атқарылған игі шара барысында мүгедек жандарға және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік теңдей үлестірілді.
ihsan.kz
Пікірлер