Қарағанды қалалық «әл-Машани» мешітінің ұйымдастыруымен Ережеп айының оразасын ұстаған жандарға арнайы ауызашар дастарханы жайылды. Оған Теміртау қаласының жамағаты да арнайы шақырылған болатын. Мешіт жамағаттарының арасындағы ауызбіршілікті арттыруға негізделген алқалы жиында еліміздің болашағы үшін жанын пида еткен тарихи тұлғалар жайында сөз қозғалып, Алаш арыстарының есімі ұлықталды. ⠀
⠀
Мешіттің Бас имамы Жанболат Жұматұрұлы мен Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы жиылған қауымға отансүйгіштік пен бірлік-ынтымақ жайында уағыз айтты. Рухани мән-мазмұнға толы кештің соңында Құран аяттары оқылып, ата-бабаларымыздың атына дұға жасалды.
Пікірлер