Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бастамасымен «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйелдер жамағатына арналған келелі кездесу өтті. Аталмыш рухани шараға Қарағанды қалалық «Әл Машани» және «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы, «Әнет баба» мешітінің ұстазды Бакирова Арай Серғалиқызы қатысты. Кездесу барысында «Ислам дініндегі әйел адамның мәртебесі мен негізгі міндеттері» тақырыбы қозғалды. Сонымен қатар, әйел адам үшін білім алудың маңыздылығы мен бала тәрбиесіне қатысты мәселелер қозғалды. Қатысушылардың тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, өзекті сұрақтарға ұтымды жауап берілді. Кеш барысында әйелдер жамағатына берекелі дастархан жайылып, Құран оқылып, бата берілді.
ihsan.kz
Пікірлер