Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау:кезекті қайырымдылық жалғасты
11 наурыз, 2022 жыл 190 Басып шығару нұсқасы

Теміртау орталық мешіті көпбалалы отбасыларға азық-түлік үлестірді⠀

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен әдеттегі үрдіс бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен көпбалалы аналарға азық-түлік сөмкелері үлестірілді. ⠀

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) «Адамдардың ең қайырлысы - ол өзгеге пайдасы тигені» деген. Мешіт имамдары өз кезегінде балаларын тәрбиелеп отырған көпбалалы аналарға алғыс айтып, өсіріп отырған перзенттерінің болашақта елге пайдасы тиер азамат болуларын тілеп бата жасады.⠀

Айта кетсек, еліміздің мешіттерінде «Қайырымдылық - қайырлы іс», «Қолыңнан келсе қолғабыс бол!» тәмсілі аясында көптеген қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып келеді.

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары