Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде дін мен дәстүр бағыты аясында жамағатпен алқалы жиын өтті. Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы мен Жақып Ақбай атындағы қалалық мешіттің Бас имамы Елдос Жұмаділда халқымыздың әдет-ғұрпы бойынша Хамза мен Мұхаммед-Әмин есімді бүлдіршіндердің тұсауын кесті. ⠀
⠀
Сондай-ақ, жиынға қатысқан ауызы дуалы ақсақалдарымыз батасын беріп, балдырғандардың елімізге пайдасын тигізер иманды азамат болуларын тіледі. Дәстүрлі термешілердің құлақтың құрышын қандырар әуезді де мағыналы әндері одан әрі кештің шырайын кіргізді.⠀
⠀
Айта кетсек, Теміртау мешіттерінде жамағаттың бірлік-ынтымағын арттыратын рухани басқосулар үнемі өткізіліп келеді.
Пікірлер