Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ТЕМІРТАУ: МЕРЕКЕ ҚАРАСАҢЫНДА БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ
18 наурыз, 2022 жыл 149 Басып шығару нұсқасы

Теміртау орталық мешіті бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады ⠀

Бүгін Теміртау қаласындағы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» тәрбиеленіп жатқан балаларға арналған Наурыз мерекесі өтті. Оған Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы қатысып, Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінің атынан бүлдіршіндер үшін арнайы әзірленген сый-сияпаттарын табыстады.⠀

«Алла Тағала елдігімізді, тәуелсіздігімізді баянды етсін. Өздеріңіз тәрбиелеп, өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз үміттеріңізді ақтап, елімізге, болашағымызға қызмет ететін иманды азамат болып шықсын!», - деді Естай Айтуғанұлы.⠀

Сондай-ақ, ұлыстың ұлы күніне орай өткен мерекелік шарада балалар арасында ұлттық спорт түрлерінен кішігірім сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары