⠀Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешіті және Теміртау қалалық мәдениет, тіл, спорт бөлімі мен әлеуметтік блогы бірлесіп Ұлыстың ұлы күні қарсаңында көпбалалы аналар мен мұқтаж отбасыларға арнап мерекелік дастархан жайды.⠀
⠀
Жиналған жұртшылық мерекелік тағамдардан дәм татып, ғибратты уағыз-насихат тыңдады. Арнайы сөз алған Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы көпшілік қауымға ізгі тілегін айтып, төл мерекеміздің мән-маңызына тоқталып өтті.⠀
⠀
Сондай-ақ, келуші жамағатқа арнайы әзірленген сыйлық қорапшалары таратылып, оқылған Құран аяттарының соңынан қариялар ақ батасын берді.⠀
⠀
Айта кетсек, сонау ертеден бастау алған әз-Наурыз - ұлтымыз үшін күн мен түннің теңеліп, көңілдер тыныштық пен қуанышқа бөленетін, жүректерге мейірім мен жылулық таралатын айрықша мейрам.
Пікірлер