Теміртау: Ақтау кенті мешітінде Наурыз мерекесі тойланды⠀
⠀
Теміртау қаласына қарасты Ақтау кенті мешітінде ұлыстың ұлы күніне орай Наурыз мерекесі тойланып, қуанышқа толы шара өтті. Жамағат ақ дастархан басында алқақотан бас қосып, көңілді кештің шуағын сезінді.⠀
⠀
Сондай-ақ, көпшілік наурыз көже сынды мерекелік тағамдардан дәм татты. Шара аясында қазақы салт-дәстүріміз жаңғырып, мешіттің имамы Фазыл Жұмабайұлы дін мен дәстүр аясында жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты.⠀
⠀
Айта кетсек, Наурыз мерекесі – Ұлы даланың ұлық мейрамы. Бұл мереке қаһарлы қыстан қысылып шыққан қалың халықты жаңа жылға, жаңа көктемге, жаңа үмітке жетелейтін мереке, көңілдерге қуаныш сыйлап, шаттыққа бөлейтін шара.
Пікірлер