Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ДІНИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ ХОРАСАН АТА КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАДЫ (ФОТО)
28 наурыз, 2022 жыл 210 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Жаңақорған ауданындағы Хорасан ата кесенесіне барып, бабалар рухына Құран бағыштады.

Зиярат барысында Хорасан ата кесенесіне жерленген Әбдіжәлел бабпен ұлы Үсейіннің рухына арнайы дұға бағышталды.

Әбдіжәлел баб (Хорасан ата) шамамен 730-795 жылдары өмір сүрген. Орта Азия мен Қазақстанға Ислам дінін аша келген ағайынды үш бабтың бірі. Хазіреті Әлидің (р.а) алтыншы ұрпағы.

Тарихи деректерде Орта Азия мен Қазақстанға Ислам дінін әкелуші үш Баб Шамнан (Сирия) шығып Шамотқа, одан Хорасанға (Иран) келеді. Хорасаннан Балхқа, одан Ауғанстанға кейін Бұхара арқылы Самарқанмен қазіргі Ташкент қалаларына келіп мұсылмандықты жайған.

Әбдіжәлел бабтың Хорасан ата деп аталуын тарихшылар оның Ирандағы Хорасан қаласының билеушісі болғанымен байланыстырады. Деректерде 12 ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет Ясауи – үш бабтың бірі атанған Ысқақ бабтың он екінші ұрпағы. Ал Ысқақ баб – Әбдіжәлел бабтың бауыры. 

Айта кетейік кесенеде Әбдіжәлел бабтан бөлек ұлы Үсейін және оның ұрпағы Құдайқұл қожа жерленген.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары