Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫ:«УАҚЫП» ҚОРЫНЫҢ МЕНШІГІНЕ САЯЖАЙ РӘСІМДЕЛДІ
30 наурыз, 2022 жыл 211 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ-ның «Уақып» корпоративтік қорының меншігіне Республика бойынша тұңғыш саяжай рәсімделді. Қызметтік сапар бойынша Қарағанды қаласына ат басын бұрған "Уақып" қорының президенті Ардақ Оразбай және «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы   Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлымен кездесіп, екеу ара құжаттарға қол қойылды.  Айта кетейік, қаланың іргетасында орналасқан саяжай тоқтаусыз сауап болсын деген ниетпен Ахметұлы Темірбек марқұмның атынан берілді.  

Кездесу барысында "Қамқор-Шарапат" салттық қызмет көрсету орталығының Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Бақдәулет Қыдырбайұлы діни басқармадан келген бөлім басшыларына саяжайды таныстырды. Айта кетейік, саяжайда егіншілікке арналған алты сотық жер мен екі қабатты үй орналасқан. Алдағы уақытта, осы жерге егілген өнімнен қайырымдылық шараларға үлес қосылмақ.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары