Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Оразаның алғашқы күні Ислам дінін қабылдады
02 сәуір, 2022 жыл 381 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнін Шахтинск қалалық "Нұр" мешіті қуанышты хабармен қарсы алды . Сексен үш жылдың сауабына тең келер ырзығы мол айда Шахтинск тұрғыны Надежда Михайловна асыл дініміз Исламды қабылдады.
Бүгін Надежда сәресі мезгілде барша мұсылман қауымымен қатар ауыз бекітіп, мешітке келуді ниет еткен.
Мешіт имамы Әсет Наурызбайұлы кәлима шаһадат айтқызып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті бойынша құлағына азан шақырылып, мұсылманша Назира  есімі берілді. Сондай-ақ Исламның алғышарттарын,  жалпы асыл діннің құндылығы жайында насихат етілді. Мешіт ұстазы Мәриям Жарылғасынқызы да (суретте) игілі мол рәсімге қатысты.
Көркем дінімізді жанына жақын тұтқан 36 жастағы Надежда кейін де  құлшылық-ғибадатын жасап, бір Алланы мадақтап өту арманы.
Өзін молдаван ұлтынанмын деп таныстырған Надежданың шынайы ниеті қабыл болып, жасаған игі істерінің сауабын Алла еселей берсін.

Шахтинск қалалық "Нұр" мешіті

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары