Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«ҚАЗЫБЕК БИ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ
02 сәуір, 2022 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

Рамазан – Ұлы Жаратушының қасиетті кітабы түскен берекелі ай. Осы орайда, Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде қасиетті Рамазан айының алғашқы күні жас жеткіншектер арасында Құран жарысы болып өтті.
Сайыс барысында «Қазыбек би» мешітінің имамы Абдрахманов Ысқақ Рахимбекұлы сайысқа қатысушыларға сәттік тілеп, білім алудың маңыздылығы жайында насихат айтты.
Сайыс нәтижелі өтіп, ұл балалар арасында өткен жарыста алға суырылып шыққан Арғын Ержанұлы бірінші орынды иеленді. Кезекті екінші орын Ерасыл және Ернзар Қайратұлдарына берілді. Сондай – ақ, үшінші орын Абдулқадыр және Нұрахмет Ысқақұлдарына берілді.
Дәл осындай сайыс қыздар арасында өтті. Оған Ахметова Аиша Думанкызы,Ергожина Арна Алтайқызы, Қазбек Жасмин Қазбекқызы, Баттал Амина Дидарбекқызы қатысты.
Сайыс нәтижелі өтіп, барлық қатысушы балаларға тәттілер мен сый сияпаттар табысталды. 

 

 

Ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары