Қарағанды облысына қарасты Саран қалалық мешітінің найб имамы Әбілхайыр Кәсенұлы Саран қаласына қарасты 44803 әскери бөлімі 2-2021 жылғы мерзімді әскери қызметшілерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Рамазан айы", "Оразаның шарттары", "Құлшылықтың түрлері", "Суицид - қоғам дерті" тақырыптары насихатталды. Сонымен қатар найб имам әскери борышын өтеушілерге ел тыныштығын қамтамасыз ету абыройлы міндет екенін атап өтті. Қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, мардымды жауап берілді.
ihsan.kz
Пікірлер