Қарағанды облысына қарасты Абай ауданы, Топар кентінде Прахт Андрей Николаевичь есімді азамат Ислам дінін қабылдады. Қасиетті Рамазан айында өмірін жаңа ақ парақтан бастаған мұсылман бауырымызға аймақ имамы Ақмағанбет Мурсали кәлима шахадат айтқызып, Исламның бес парызын түсіндірді. Сондай-ақ, Құран кітап пен намаз оқу ереже кестесін сыйға тартты. Мешіт ақсақалдары батасын берді.
ihsan.kz
Пікірлер