Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде таң намазынан кейін «Құран оқып үйрену» дәрістері өтуде. Мешіт имамы Қошкелді Жанболат таң намазынан кейін құранды оқып үйренуге ниет еткен жамағатқа ерекше тәсілмен дәріс беруде. Қарқынды сабақ берудің нәтижесінде қасиетті рамазан айының екінші күнінен бастап онға жуық адам құранға түсті.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):
خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلّمَ الْقُرأنَ وَ عَلَّمَهُ
«Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің» деген.
Пікірлер