Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

        АҚТАЙ АУЫЛЫ ІШІМДІК САТУДАН БАС ТАРТТЫ
06 сәуір, 2022 жыл 181 Басып шығару нұсқасы

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Рамазан айында арақ-шарап сатпау туралы үндеуіне Қаражал қалалық мешітінің қызметкерлері үн қосты. Мешіт имамдары мен жамағаты сауда орындарына барып, дүкен иелерін Рамазан айының келуімен құттықтап, берекелі мезгілдің құрметіне орай арақ-шарап саудасын тоқтату туралы өтініш жасап, насихат жұмыстарын жүргізді.

Тағы бір жақсы жаңалығымыз Қаражал қаласына қарасты Ақтай ауылының  тұрғындары мен ақсақалдар алқасы келісе отырып толығымен ішімдік сатудан бас тартып, ішімдіксіз Ақтай ауылы деген атқа ие болды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары