Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау жамағатына ауызашар берілді⠀
08 сәуір, 2022 жыл 222 Басып шығару нұсқасы

Әлихан Бөкейхан атындағы Теміртау орталық мешітінде жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды. Алғашқы ауызашар отырысына жиылған жамағатқа Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы құттықтау лебізін білдіріп, жамағатқа ауызашар беріп отырған игі жандарға алғысын жеткізді.⠀

Сондай-ақ, Жақып Ақбай атындағы Теміртау қалалық мешітінің имамы Елдос Жұмаділда жиналған жамағатқа Рамазанның қадір-қасиеті жайында уағыз-насихат айтты. Отырыс соңында Құран аяттары оқылып, көпшілікпен бірге дұға жасалды.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары