Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

АБАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫ БАС ҚОСТЫ
11 сәуір, 2022 жыл 190 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысына қарасты Абай қаласының әйел жамағатына ауыз ашар ұйымдастырылды. «Әйел отбасының тігері» атты шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы   Бакирова Арай Серғалиқызы қатысып, уағыз - насихат айтты. Кештің шымылдығын ашқан  Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы барша әйелдер жамағатын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Викториналық сұрақтар ұйымдастырып, дұрыс жауап бергендер үшін арнайы әзірленген сыйлықтар берілді.  Сондай-ақ, «Оразадан кейін нені білу керек?» тақырыбында   арнайы даярланған бүктемелер таратылды. Өз кезегінде әйелдер қауымы атынан мешіттің қажы апалары осындай керемет отырыс ұйымдастырып отырған аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлына риясыз алғыстарын жеткізіп, арнайы шақырумен келген Арай ұстазға ризашылықтарын білдірді.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары