Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Теміртау қалалық мешітінің жаңа намазханасы ашылды⠀
11 сәуір, 2022 жыл 156 Басып шығару нұсқасы

Жақып Ақбай атындағы қалалық мешіттің жаңа намазханасына кілемдер төселіп, жамағатқа есігін айқара ашты. Айта кетсек, жуырда ғана күрделі жөндеуден өткен ерлер мен әйелдер намазханасына ендігі кезекте кілемдер төсеу күн тәртібіне қойылған болатын. Араға бірер уақыт салып жамағаттың қолдауымен арнайы дайындалған кілемдер намазхана еденіне төселіп, одан әрі көркін аша түсті.⠀

Міне, бүгін Теміртау жамағаты құлшылық үйінің жаңа ғибадатханасында алғаш рет тарауих намазын өткізді. Теміртау қаласының Бас имамы Естай Айтуғанұлы мешіттің жөндеу жұмыстарында көмек қолын созып, атсалысып жүрген жамағатқа өз алғысын айтып, ризашылығын жеткізсе, мешіт имамы Елдос Жұмаділда қасиетті орындардың бірі болған мешіттердің дініміздегі маңызы жайында уағыз-насихат айтты. Тарауих намазынан соң, жамағат арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татты.⠀

Айта кетсек, сонау 1993 жылға дейін балабақша ретінде жұмыс істеп келген нысан кейіннен мешіт ретінде қолданысқа берілген. Араға 30 жыл уақыт салып алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жасалып отыр. Сондай-ақ, мешіттің жөндеуден өткен бөлігінің сыйымдылығы ескі намазханаға қарағанда екі есе үлкен. Бір мезетте 1000 астам адам құшылығын өтей алады.

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары