ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен кезекті қайырымдылық шара болып өтті. Бұл жолы «Қазына» мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі жандар мен зағип жандарға арнайы ауызашар дастарханы жайылды. Сонымен қатар, қырық адамға азық-түлік үлестірілді.
Игі істің басы қасында жүріп, сауапты істің жүзеге асуына мұрындық болған «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Мұхит Жаримбетов шара барысында жиналған қауымға насихат айтып, Рамазан айымен құттықтады.
ihsan.kz
Пікірлер