Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» БАЛА ҚАЖЫ МЕШІТІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
18 сәуір, 2022 жыл 176 Басып шығару нұсқасы

Нығметке толы рамазан айында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті қайырымдылық шараларын көбейтіп отыр. Мешіт көмегімен әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Жамағат пен мұсылман бауырлардың берген садақалары мүгедек жандарға, жетімдерге, көпбалалы жалғыз аналар мен қамқорлыққа мұқтаж отбасыларға азық-түлік ретінде, киім немесе қаржылай да беріліп жатыр. Біздің мақсатымыз, рамазан айын барынша игі амалдар жасаумен өткізу және өзгеге үлгі болу. Отыз күн оразада қайырымдылық танытып, мұқтаж жандарға қолдау көрсету де игі дәстүрге айналғаны абзал.

Имам Бұхари мен имам Мүслімнен келген хадисте пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жесір мен жетімге көмектесу Алла жолында жихад қылғанмен тең», – деген. Ал Имам Мажәһдан жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.): «Жетім мен жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін істегендер Алла жолында жихад қылған әрі түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – дейді.

Алла Тағала әрбір мұсылманның жасаған амалдарына еселеп саіаптар жазғай, күнәларын кешіргей!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары