Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Арқалық» АШӨК қасапханасы сертификатталды
22 сәуір, 2022 жыл 74 Басып шығару нұсқасы

Қарағанды облысындағы кәсіпорындардың бірі «Арқалық» қасапханасы «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Сертификатты облыс бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы табыстады.

Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов қасапханада бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, қасапшыларға «Шариғат және халал стандарты бойынша мал сою, ет өңдеу» тақырыбында арнайы оқу-семинар өткізді. Жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша, қасапханаға «Ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарын сою», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сату стандарты» талаптары бойынша «QMDB Halal» сертификатын табыстау жөнінде шешім қабылданды. Сонымен қатар, қасапхананың екі қасапшысы барлық талаптар бойынша семинардан өтіп, арнайы сертификат иеленді.

 «Аркалык» АШӨК қасапханасы «QMDB Halal» стандартына толықтай сай екендігін және берілген сертификат 28.12.2022 мерзімі аралығында жарамды екендігін хабарлаймыз!

ihsan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары